Әлеумет

Тегін нан таратылады

 Облыс мешіттері қасиетті рамазан айының құрметіне «Тегін нан тарату» акциясын ұйымдастырды.

Қайырымдылық акция Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы бойынша ұйымдастырылды.

Бастамаға барлық қала мешіттері, сондай-ақ аудан, ауыл мешіттері де үлес қосып отыр. Мешіттердің атынан әр дүкенде күніне 20-30 нан тегін таратылады. Жалпы, акция барлығы 20 дүкен мен мешітте жүзеге асырылып жатыр. Игі іс Рамазан айының соңғы күніне дейін жалғасын таппақ.

Бастамаға жергілікті кәсіпкерлер де үн қосуда. Мәселен, Хромтау ауданындағы «Сәнді» дүкенінің иесі жұма сайын 100 нанды тұрғындарға тегін үлестіреді.

Облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button