Спорт

Палуан қыздардың олжасы

Ақпан айында Өскемен қаласында дзюдо күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.

Чемпионатқа Құрашасай орта мектебінің 9-сынып оқушылары самбодан спорт шебері, Әлем чемпионы Айгүл Байқұлова мен самбо, дзюдо күресінен Азия жүлдегері Жұлдызай Бауыржанова барып, олжамен оралды.

Айгүл Байқұлова чемпионатта 45 кг салмақта бақ сынап, І орынды жеңіп, Қазақстан Республикасының дзюдодан спорт шебері атағына ие болды. Жолдама алған жеңімпаз енді Грекияда өтетін Әлем чемпионатына барады.

Бұл жарыста Айгүлмен бір салмақта күрескен Жұлдызай екінші орынды иеленіп, Йемен елінде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

Ең алдымен өздерінің ынта-жігерімен көптеген жарыстарға барып, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген спортшы қыздардың өздерін кішкентайларынан күреске баулып, жаттықтырып жүрген Сәтжан Тойлыбаевқа және спортшыларды үнемі қолдап отыратын олимпиада резервтерін даярлау орталығының директоры Асхат Шахаровқа алғыстары мол.

Мира ТОЙЛЫБАЙ,

Құрашасай орта мектебінің мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button