Білім

Миргүл — мектептің үздік мұғалімі

Жақында Пригород орта мектебінде «Ең үздік мұғалім — 2010» мектепішілік дарынды педагогтарды анықтау сайысы өтті. Бұл — еліміздегі білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін бекітілген білім дамуының концепцияларын жүзеге асыру мақсатында өткізілген шара.

Мұндай байқау мектебімізде жыл сайын өткізіледі. Дарынды, талантты мұғалімдерді анықтау мақсатында өткізілетін сайыс барысында біз мұғалімдердің бойынан жаңашылдықты, кәсіби шеберлікті байқауымыз қажет, — дейді мектеп директоры Гүлнар Жанина.

«Мұғалім — зерттеуші», «Мұғалім — әдіскер», «Халық педагогикасын насихаттаушы», «Кәсіби біліктілігі жоғары, дара тұлға», «Шабыттандырушы және педагогикалық артистизм» номинациялары бойынша ұйымдастырылған жарыста алты мұғалім бақ сынады.

Гүлнар Бәтесқызы биыл сайыстың жоғары деңгейде өткенін айтады. Өйткені биылғы оқу жылында мектеп мұғалімдерінің көпшілігі қалалық, облыстық, республикалық білім жетілдіру курстарына қатысып, тәжірибе алмасып қайтқан.

Қазылар алқасының шешімімен, Пригород орта мектебі жаратылыстану бірлестігінің жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Миргүл Нұрбаева «Ең үздік мұғалім — 2010» байқауының жеңімпазы атанды. Информатика пәнінің мұғалімі Алима Түркменбаева екінші орынға қол жеткізсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлбану Рахметова жүлделі үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздардың барлығы арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button