Мәдениет

Соғыс тақырыбындағы әндер шырқалды

Жеңіс күніне арналған шаралар Өнер орталығында жалғасты. Облыстағы өнер ұжымдарының «Ұлы жылдарға тағзым» аталатын концертінде соғыс тақырыбына арналған өлеңдер шырқалды. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншілері тыңдарманға сол зұлмат жылдарды еске түсіретін шығармалар ұсынды. Жеке дауыста ән салған Айбек Қарағұлов, Өркен Сағиев, Жасарал Ембергенов, София Федоренко, Данияр Құлжанов, Нұржан Қаражановтар «Темная ночь», «Тос мені, тос!», «Алма бағында», «Баллада о матери», «Соғыстан қайтқан солдаттар» сынды әндерді шырқады.

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазақ камералық хоры, қалалық мәденит үйі еңбек ардагерлерінің «Наставник» халықтық хоры, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің А.Ғизатуллина атындағы хоры, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, А.Жұбанов атындағы музыка колледждің аралас хорлары, гуманитарлық колледждің үлкен аралас хоры, қалалық мәденит үйінің «Серпер» жастар халықтық хоры сахнаға бір мезетте көтерілді. 300 адамнан тұратын бірнеше хор ұжымының бірге тұрып, сахнада бірге өнер көрсетуі облыста бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Хор «Священная война», «Эх, дороги», «Дорожка фронтовая», «Журавли», «Поклонимся великим тем годам», т.б. әндер орындады (концертмейтстерлері З.Жазықбаева, Д.Ниязова, дирижері М.Құспанов).

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button