Денсаулық

Мақсат — қызмет сапасын арттыру

Шалқар аудандық әкімдігінде денсаулық сақтау саласы бойынша тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинарға облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудегі сұрақтарды үйлестіру бөлімінің басшысы Ж. Алдашев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Г. Мамбетжанова және Ақтөбе қалалық медициналық ұйымдардың және аудандық ауруханалардың жауапты мамандары қатысты.

Жиында мемлекеттік қызмет көрсетудің 75 пайызы медицина саласына тиесілі екендігі және қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету 18 бағытта жүргізілетіні айтылды. Г.Мамбетжанова 2017 жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасады. Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері А.Есмағамбетов, халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы С.Күнтілеуова, №5 мектеп-лицей директоры Ә.Әбдіғапарова аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды. Сонымен қатар Ақтөбе қаласындағы №2, №3 емханалардың және Қарғалы аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасарлары өздеріндегі жасалып жатқан жұмыстарды баяндады. Семинардың мақсаты —  мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруда өзара тәжірибе алмасу.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button