ЖеңісМереке

Берлинге дейін барған

Әбу Матайұлы — соғысқа бастан аяғына дейін қатысып, жеңіс туын Берлинде көтерген жауынгерлердің бірі. Ол Ақтөбеде жасақталған 101-дербес атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанады.

Алға ауданының Қарақобда ауылында дүниеге келіп, елде қажырлы еңбек етіп жүрген азамат неміс басқыншыларының бетін қайтаруды басты мұраты санайды. Ол Калинин майданында, Ржев қаласы үшін болған шайқаста ерлік үлгісін көрсетеді.

Оған берілген бірінші дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі ел қорғаған жауынгердің жанқиярлық батыл қимылының бағасы болса керек. Ол майдан даласында бірнеше рет ауыр жараланады. Госпитальда емделіп шыққан соң, қаруын қайта қолға алып, сапқа тұрады.

Ефрейтор Әбу Матайұлына әскери басшылық тарапынан берілген мінездемеде былай деп жазылыпты: «Жауынгер Әбу Матаев Ржев қаласы үшін болған шайқаста ауыр жарақат алды. Ол атқыштар взводы құрамында болды. Ол өзіне тапсырылған міндеттерді уақытында және сапалы орындайды. Өзінің осындай қасиеттерімен өзгелерге үлгі бола біледі».

Жауынгерлік міндетін адал атқарған Әбу Матайұлы елге 1947 жылы оралып, Тәтті есімді мұғалімге үйленеді. Олардың отбасында тоғыз перзент дүниеге келеді. Ұл-қыздарын тәлім-тәрбие беріп өсірген ата-ана немерелерін көріп өмірден өтті.

Олардың балалары, кейінгі ұрпақтары әке әкелген жеңістің жақсы күндерінің қызығын көруде.

 Нұр БАҚЫТОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button