Ресми

Жеңіс мейрамына байланысты жол қозғалысын шектеу туралы

Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесіне орай 4,5,6 мамыр күндері қалада дайындық шаралары басталады. Осыған байланысты мынадай уақыттарда көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектеледі:

  • 4-5 мамыр күндері 19.00-22.00 сағат аралығында Әбілқайыр хан даңғылы бойынша Пацаев көшесінен «Айна» сауда үйіне дейін;
  • 6 мамыр күні 11.00-14.00 сағат аралығында Әбілқайыр хан даңғылы бойынша Пацаев көшесінен «Айна» сауда үйіне дейін.
  • 9 мамырда сағат 8.00-ден 12.00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойынша Пацаев көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейін, Ә.Молдағұлова даңғылынан 101-атқыштар дивизиясы көшесіне дейінгі, 101-атқыштар бригадасы көшесінен М.Оспанов көшесіне дейінгі, М.Оспанов көшесінен Ғ.Жұбанова көшесіне дейінгі, Ғ.Жұбанова көшесінен М.Мәметова көшесіне дейінгі аралықта және Сазды өзені арқылы өтетін көпір өткелінде барлық көлік түрінің қозғалысы жабылады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button