Әлеумет

1 шілдеден бастап зейнетақы жаңаша есептеледі

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда базалық зейнетақы жаңаша есептеледі. Бұл ретте 1998 жылға дейінгі еңбек өтілімен қатар, 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес аударылған зейнетақы жарналары да ескерілетін болады. Қазір базалық зейнетақы еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей мөлшерде төленетін болса, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыға пайыздық үстеме қосылады. Себебі базалық зейнетақыны есептеу жүйесі өзгертіледі. Бүгінгі күні базалық зейнетақы мөлшері төменгі күнкөріс деңгейінің — 54%-ы , ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-нан 100%-на дейін құрайтын болады.

Егер  еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем және еңбек өтілі жоқ болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды. Еңбек өтілінің 10 жылдан артық әрбір жылы үшін 2% қосылады. Егер еңбек өтілі 33 жыл және одан да көп болса, базалық зейнетақының мөлшері төменгі күнкөріс деңгейіне тең болады (2018 ж. 28284 теңге).

Мысалы: Еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарына дейін 15 жыл және 01.01.1998 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналары 17 жыл бойы үздіксіз аударылған. Базалық зейнетақыны есептеу үшін жиынтық еңбек өтілі алынады:15+17=32.

2018 жылы төменгі күнкөріс деңгейі (ТКД) 28284 теңге құрайтындығына байланысты, осыны негізге ала отырып, еңбек өтіліне сәйкес базалық зейнетақының өсірілетін мөлшерін есептеуге болады.

 

Жиынтық еңбек өтілі Базалық зейнетақы мөлшері Базалық зейнетақының өсімі
0 еңбек өтілі 10 жыл және  10 жылдан кем немесе еңбек өтілі жоқ ТКД 54% немесе 15274 теңге 0
1 еңбек өтілі 11 жыл ТКД 56%  немесе 15839  теңге 565
2 еңбек өтілі 12 жыл ТКД 58% немесе 16405  теңге 1131
3 еңбек өтілі 13 жыл ТКД 60% немесе 16970  теңге 1696
4 еңбек өтілі 14 жыл ТКД 62% немесе 17536   теңге 2262
5 еңбек өтілі 15 жыл ТКД 64% немесе  18102 теңге 2828
6 еңбек өтілі 16 жыл ТКД 66% немесе 18667 теңге 3393
7 еңбек өтілі 17 жыл ТКД 68% немесе 19233 теңге 3959
8 еңбек өтілі 18 жыл ТКД  70% немесе 19799  теңге 4525
9 еңбек өтілі 19 жыл ТКД 72% немесе 20364  теңге 5090
10 еңбек өтілі 20 жыл ТКД 74% немесе 20930  теңге 5656
11 еңбек өтілі 21 жыл ТКД 76% немесе 21496  теңге 6222
12 еңбек өтілі 22 жыл ТКД 78% немесе 22061  теңге 6787
13 еңбек өтілі 23 жыл ТКД 80% немесе 22627   теңге 7353
14 еңбек өтілі 24 жыл ТКД 82 % немесе 23193  теңге 7919
15 еңбек өтілі 25 жыл ТКД 84% немесе 23759  теңге 8485
16 еңбек өтілі 26 жыл ТКД 86% немесе 24324  теңге 9050
17 еңбек өтілі 27 жыл ТКД 88% немесе 24890  теңге 9616
18 еңбек өтілі 28 жыл ТКД 90% немесе 25456  теңге 10182
19 еңбек өтілі 29 жыл ТКД 92% немесе 26021  теңге 10747
20 еңбек өтілі 30 жыл ТКД 94% немесе  26587 теңге 11313
21 еңбек өтілі 31 жыл ТКД 96% немесе 27153  теңге 11879
22 еңбек өтілі 32 жыл ТКД 98% немесе 27718  теңге 12444
23 еңбек өтілі 33 жыл немесе 33 жылдан көп болса ТКД 100% немесе 28284  теңге 13010

 

Базалық зейнетақы автоматты түрде қайта есептелетін болады. Зейнетақы жинақтаушы жүйесіне аударылған барлық  аударымдар бірыңғай ақпараттық жүйеде бар. Қосымша құжаттарды тапсырудың қажеттілігі жоқ.

А.ҚОНАҚБАЕВА,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Ақтөбе қалалық  №1 бөлімше басшысы.  

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button