Әлеумет

Оқушылар батыр Әлия туған ауылға барды

Ақтөбе қаласындағы үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназияның 8-сынып оқушылары, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшелері «Батырлар мекеніне саяхат» атты экскурсияға қатысты. Бұл шара

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоры қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Жастарға патриоттық тәрбие берумақсатында өткен экскурсия барысында оқушылар «Әлия» патриоттық орталығына, Әлия Молодағұлованың туған жері Бұлақ ауылына, анасы Маржанның жерленген жері Көкмешіт мекеніне, Абат-Байтақ кесенесіне барып, тағзым етті, тағылымды әңгімелер тыңдады.

Елертеңі жас ұрпаққа мазмұнды білім берумен қатар өз елін сүйетін, өз ұлтының тарихын жетік білетін, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, халық салт-дәстүрін қастерлейтін патриот ретінде тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Сондықтан осындай шаралар өткізу аса маңызды.

 Салтанат ҚАМБАРОВА,

№21 мектеп-гимназия аға тәлімгері.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button