Құқық

Жол апаттары саны азайып келеді

Жергілікті полиция қызметі жыл басынан бастап «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Қауіпсіздік аптасы», «Назар аударатын жаяу жүргінші» сынды бірнеше жедел алдын алу шараларын өткізді. Нәтижесінде алғашқы тоқсанда жол апаттары саны 4,5 пайызға, апат салдарынан жарақат алу деректері 5 пайызға азайды. 

Осы жылдың басынан аймақта 126 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 16 адам қаза тауып, 152 адам жарақат алған. Жаяу жүргіншілер арасында жол ережесін бұзу 15 пайызға сиреген. Ішімдік ішу салдарынан алты жол апаты болып, бір адам қаза тапқан, 7 адам жарақат алған.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі берген дерек бойынша, республикалық маңызы бар жолдарда 17 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарына 6 адам қаза тауып, 34 адам жарақат алды.

Жылдамдықты белгіленген межеден арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған жүргізушілер саны биыл алты есе көбейген, көлікті мас күйінде жүргізушілер де азаймай отыр (23,3 пайызға артық). Жол қозғалысы ережелерін бұзған 5 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, керісінше жаяу жүргіншілерге жол бермеген 1082 жүргізуші анықталды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 900-ден астам жүргізуші куәлігінен айырылды. Жалпы алғанда жыл басынан бері жол ережелерін бұзуға қатысты 28,5 мыңнан астам дерек тіркелді.

М.ТАБЫН.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button