Әлеумет

Жеке кәсіп ашу жолдары түсіндірілді

Байғанин ауданына қарасты Сартоғай ауылдық округінде  «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының екінші бағыты бойынша жұмыс тобы мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жұмыс тобын облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Асқар Көкеев  басқарды.  

Кездесу барысында «Бизнестік ортаны дамыту» бағыты бойынша бес шара өткізілді. Жиында тұрғындарға кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау, көмек туралы мазмұнды әңгіме айтылды. Шараға қатысушылар жұмыс тобының мүшелеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша қалай көмек алуға болатын сұрады. Әсіресе ауыл тұрғындары нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған бағдарламасы туралы көбірек сауалдар қойды. Мамандар өз кезегінде аталған бағдарламалардағы өзгерістер туралы жан-жақты түсіндіріп берді.

Күн тәртібіне орай Ашық есік күні, семинар-тренинг ұйымдастырылып, жеке қабылдау да өткізілді. Шаралар барысында мамандар тұрғындарға жеке кәсіп ашу, шаруашылықты жүргізу туралы кеңестер айтты.

Басқосу соңында жиынға қатысушылар кәсіпкерлікті бастау мен дамыту, лизингке техника алу, мемлекеттік бағдарлама бойынша көмек алу туралы көп түсінік алғандарына ризашылықтарын білдіріп, мұндай келелі кездесулердің алыстағы ауыл тұрғындары үшін пайдасы зор екендігін айтты.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button