Әлеумет

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне келіңіз

29 сәуір, жексенбі, күні Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда және «Алтай» жабық базарында көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді.

Жәрмеңкелерге Ақтөбе қаласының жергілікті тауар өндірушілері, жылыжай кешендері, шаруа қожалықтары және Хромтау ауданының өкілдері қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ет, сүт, көкөніс өнімдері, бакалея және кондитер өнімдері  базар бағаларымен салыстырғанда  10-15 пайызға төмен бағамен ұсынылады.

Қала тұрғындарын аталған жәрмеңкелерге келіп, қажетті азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатып алуға шақырамыз.

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button