Спорт

Серікбол — Азия чемпионы!

Жуырда Таиланд астанасы — Бангкок қаласында дзю-до күресінен жастар арасындағы ХІ Азия чемпионаты өтті.

Азия біріншілігінде қазақстандық жас дзю-дошылар 4 алтын, 1 күміс және

1 қола медаль олжалап, ресми емес жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды иемденді. Азия чемпионы атанғандар арасында ақтөбелік Серікбол Нұралин де бар. Серікбол 73 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, ақтық сында моңғол балуанын жықты. Жеке жаттықтырушысы — ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Есенжол Мысин. Бүгінде Серікбол Ақтөбедегі олимпиада резервін даярлау орталығында жаттығып жүр. Бірнеше айдан соң ол Мароккода өтетін дзю-додан жастар арасындағы әлем чемпионатына аттанады. Әрине, әлем біріншілігінде де Серікбол Қазақстан командасының басты үміттерінің бірі болмақ. Біз де жерлесімізді бұдан да жоғары биіктерден көреміз деген сенімдеміз.

Индира ӨТЕМІС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button