Құқық

Ростов институтымен тәжірибе алмасты

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ресей Федерациясы ІІМ Ростов заң институтымен бірлескен «Криминологиялық тәртіп пәнін жетілдіру» тақырыбында халықаралық оқу-әдістемелік онлайн бейнеконференциясы өтті.

Шараның мақсаты — ресейлік оқу орнымен тәжірибе алмаса отырып, курсанттардың білім деңгейін арттыру, оларды нақты жұмыс орнына барғанда заңды тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыландыру.

Онлайн конференция барысында Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, полиция майоры А.Рысқабиұлы курсанттарға Ақтөбе облысы қылмыстық атқару жүйесінің «Пробация үйіне» шығу сабағын ұйымдастырды. Пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі А.Есетов курсанттарға пробация жұмысының маңыздылығын, яғни сотталған азаматтармен қалай жұмыс істеу керектігін, оларға берілетін жаза туралы толық мағлұмат берді. Сабақ барысында білім алушыларға бейнефильм көрсетілді.

Сондай-ақ кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ресейлік оқу орны қызметкерлерімен бірлесіп, «Полицияның алкогольге қарсы шараларды жүзеге асыру саясатына қатысуы» тақырыбы бойынша қызу талқылау жасады.

Шара соңында белсенді қатысқан оқытушыларға алғыс айтылып, институт қонақтарына оқу орны басшылығының атынан мақтау қағаздары табысталды.

Алтынбек ЕРҒАЛИЕВ, 

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институтының 

қылмыстық құқық және

криминология кафедрасының

оқытушысы,

полиция майоры.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button