Құқық

Бірінші орын — «бірлікте»

Сайыс

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» ғылыми-теориялық халықаралық конференциясы бағдарламасына сәйкес халықаралық «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.

Ойынға 7 команда қатысты. Олардың қатарында Ресей Федерациясы Орынбор мемлекеттік университетінің «ОГУ», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «ХХI ғасыр заңгерлері», Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының «Авиатор», М.Есболатов атындағы Алматы академиясының «Заңгер», Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының «Жас тергеуші», Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Арыстан», сондай-ақ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты күндізгі оқу факультетінің «Бірлік» командалары бар.

Аталған командалар 5 кезең бойынша өзара сынға түсті. 1-кезеңде командалар өздерін таныстырса, 2-кезеңде  бейне сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.

3-кезеңде капитандар сайысқа түсіп, мемлекеттердің тулары мен белгілерін ажыратудан өзара бақ сынасты. 4-кезеңде қатысушылар үй тапсырмасын орындаса, соңғы ақтық кезеңде «Менің Отаным» тақырыбында музыкалық сайысқа қатысты.

Ойынның қорытындысы бойынша 1-орынды М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Бірлік» командасы жеңіп алса, 2-орынды Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының «Авиатор» командасы, ал 3-орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «ХХI ғасыр заңгерлері» командасы жеңіп алды. Сондай-ақ «Үздік капитан» номинациясы бойынша «ОГУ» командасының капитаны марапатталса, «Үздік музыкалық сайыс» және «Үздік үй тапсырмасы» номинациялары бойынша «Авиатор» командасы арнайы дипломға ие болды.

Шара соңында жеңімпаздарға естелік сыйлық табысталып, барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

 З.Нұрыш,

институттың жалпы құқықтық пәндер

кафедрасының аға оқытушысы,

полиция подполковнигі.

Ақтөбе қаласы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button