Әлеумет

Қауіп қайдан демеңіз…

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Терроризм қаупі төнген жағдайда не істеу керек? Қоғамдық орындарда иесіз күдікті заттар жатса, нендей әрекет жасау керек? Діни экстремизмнің алдын алу үшін қоғам боп күресу қандай нәтиже береді? Бұл мәселелер Темір ауданында талқыланып жатыр. Апта басынан бері «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының екінші бағыты бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөніндегі ақпараттық-насихаттық топ Темір ауданының халқымен кездесулер өткізіп келеді.

Ақтөбелік тәртіп сақшылары мемлекеттік құрылымдар қызметкерлерімен бірлесіп лаңкестік қауіпке дайындық сапасын арттыру бағыттарында жұмыстар жүргізді, сондай-ақ тұрғындарға мемлекеттік және салалық бағдарламаларды түсіндірді.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі берген дерек бойынша, ақпараттық топ құқық қорғау шаралары, қауіп-қатерге дайындық жөніндегі екінші бағытқа сәйкес Темір ауданында 69 шара ұйымдастырды. Топ мүшелері бес күн бойы кемінде 7300-ден астам адаммен кездесті. Темір ауданының тұрғындарымен, террористік тұрғыдан осал ғимараттардың басшыларымен 13 кездесу өткізіліп, қауіп-қатер, терроризм қаупі төнген жағдайда не істеу қажеттігі туралы түсіндірмелер жүргізілді. Бұл кездесулерге 4209 адам келді.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген дерек бойынша, террористік тұрғыдан осал ғимараттарға қатысты 23 комиссиялық тексеру жүргізілді. Бұл ұйымдардың қызметкерлеріне терроризм қаупі төнген жағдайда жылдам әрекет ету қажеттігі жөнінде тренингтер өткізілді. 685 адам қатысқан бұл жиындарда өртке қарсы шаралар туралы да айтылды. Террористік тұрғыдан осал құрылыстарды тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар берілді, зерттеу қорытындылары туралы актілер жасалды.

Терроризм қаупінің алдын алуға бағытталған 19 практикалық сабаққа 2070 адам қатысты. Осы тақырыптағы инфографика берілген 6875 парақша таратылды. Мұқияттылық, сақтық дағдыларын қалыптастыруға, дамытуға бағытталған жаттығулар көрсетілген «Профайлинг» тақырыбындағы тренингтер өткізілді. Кездесулер барысында тұрғындарға нақты көмектер де берілді.

М.ТАБЫН.

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button