Әлеумет

Жат ағымның зардабы ұқтырылды

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында діни мәселелер төңірегінде ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында21 маманнан тұратын топ құрылды.

Бұл топтың құрамына республикалық ақпараттық-насихаттық топтың екі мүшесі және облыстан19 маман енді. Оларөткен аптада Мұғалжар ауданындажұмыс жасады. Атап айтқанда, ауданға қарасты қала және ауылдық округтерде, мекемелер мен білім беру ұйымдарында, Мәдениет үйі, ауруханалар, мешіттерде кездесулер өткізіліп, семинарлар және психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан Ембі қалалық «Нұр» мешітінде уахабилік ағымның шығу тарихы жөнінде семинар өткізіп, жат ағымның пайда болу себептері, сенім мәселесіндегі қателіктері жайлы баяндап, дәстүрлі дінге қайшы тұстарын атап өтті. Семинарда 30-ға жуық тыңдаушы болды.

Сонымен қатар, облыстың бас имамы Төлеби Оспан қала, ауыл молдалары және мешіт алқасы мүшелерімен екікездесу өткізді. Кездесулерде діни қызметтің сапасын арттыру мәселесі сөз болды. Төлеби Дәділұлы молдаларға діни басқарма ұйымдастыратын білімді жетілдіру курстарына қатысу тәртібін түсіндіріп, діни қызметтің жауапкершілігі жөнінде баса айтты. Діни қызмет сапасын арттыру діни қызметкердің біліктілігі мен біліміне тікелей байланысты екені белгілі. Бүгінде «Ақтөбе медресесі» колледжінде де ауыл молдаларын дайындайтын курс өтіп жатыр, курсқа 12 үміткер қабылданған.

Өкіл имам мешіт алқасы мүшелерін мешіт аумағындағы іс-шараларға белсене араласуға шақырып, жамағатты бірлікке, татулыққа ұйыстыру, дінге бет бұрған жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсетуде олардың арасындағы жасы үлкен ақсақалдардың орны айрықша екендігін атап көрсетті.

Діни басқарманың қолдауымен топ құрамына енген РАНТ мүшесі, Астанадағы «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай — Ембі қаласында, ал Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы, теолог Нұрбол Тағаев Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар мешіт жамағаттарымен, деструктивті ағым өкілдерімен жеке және жалпы кездесулер өткізіп, «Нәпсіні тәрбиелеу жолдары», «Құран оқудың артықшылығы», «Жат ағымның зардабы», т.б. тақырыптарда дәріс оқыды.

Жұрын ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен өткен кездесуде діни сауаттылықтың маңызы жөнінде айтылды. Оған облыстықорталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Қайрат Дәрменов, дінтанушы Әли Жұбанышев және «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының директоры Жандәулет Сүлейменов қатысты. Теологтар діни сауаттылықтың маңыздылығына тоқталып, бүгінде адасушылықтың басты себебі — білімсіздік екендігін баса айтты. Жат ағымнан сақтану жолдарын айтып, діни ілімді үйренуде ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы мақұлдаған кітаптарды оқу, ғаламтордан емес, мешіттен сауат ашу керектігін түсіндірді. Кездесуге 150-ге жуық адам келіп, шара соңында «Қаражол» фильмі көрсетілді.

Қандыағаш қаласындағы Теміржолшылар қалашығында өткен кездесуде діни экстремизмнің алдын алу жөнінде айтылды. Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Қайрат Дәрменов, Мұғалжар ауданының бас имамы Ерболат Жүсіпов және «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының маманы Мақсат Алиев бірнеше тақырыпта баяндама оқыды. Соның ішінде, дәстүрлі дінді деструктивті ағымдардан ажырата білу, қазақы салт-дәстүріміздің дін мен үндестік және үйлесім табуы, бала тәрбиесі, баланың ғаламтордағы өткізетін уақытын қадағалау керектігі, тағы да басқа мәселелер айтылды. Кездесуге теміржол мекемелерінің 58 қызметкері қатысып, қажетті мәліметтер алды.

Жалпы, Мұғалжар ауданындағы жұмыстар барысында 102 шара ұйымдастырылып, 6 мыңнан аса адам қамтылды.

Түсіндіру тобы өз жұмысын Темір ауданында жалғастырып жатыр.

Индира ІЗБАСҚАН,

облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз хатшысы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button