Әлеумет

Акцияға 8,5 мыңнан астам қызметкер қатысты

Ақтөбе — таза қала

Ақтөбеде 15 наурыздан бастап санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша  үш айлық басталды. Көктемде дәстүрлі түрде Ақтөбе тұрғындары аулаларды, көшелерін және алаңдарды қыста жиналып қалған қоқыстан, қардан,  мұздан тазарту жұмыстарын жүргізеді. Абаттандыру акциясы кезінде барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.

Коммуналдық шаруашылық, басқарушы компаниялардың қызметкерлерінің қоқысты жинау, абаттандыру, көшелер мен жолдарды, көпірлерді, жүргіншілер жолдарын, саябақтар мен алаңдарды, қоршауларды, кіші архитектуралық ғимараттарды тиісті жағдайға келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық қалалық инфрақұрылымдарды, соның ішінде энергетикалық кешендерді, жарықтандыру,  байланыс желілерінің тіректерін, көлік құралдарын, жол белгілерін, қоғамдық көлік аялдамаларын дұрыстау, айналасын тазарту жұмыстары қолға алынды.  7 сәуір күні болған сенбілікке меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың 8,5 мыңнан астам қызметкері қатысты. 80-ге жуық мемлекеттік мекеменің қызметкерлері қолдарына «кетпен-күрек ұстап», белгіленген жерлерді, айналма жолдарды тазартты. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, оқу орындарының қызметкерлері өз мекемелерінің аумағын тазартты. Қоқыс жинап, қар мен мұзды тазалап, ғимараттардың қасбеттерін, белгілер мен билбордтарды тазартты, қыс мезгілінде түсі оңып кеткен ғимарат сырттарын бояды, терезелерді жуып, аумақты ландшафтпен тазартып, ағаш қалдықтарын жинады.Айта кету керек, көп қабатты үйлердің аулаларын тазарту үшін де қол күші қажет.   Сондықтан пәтер иелерінің, басқарушы компания кооперативтерінің төрағалары өздерінің аулаларын тазарту үшін тұрғындармен жұмыс істеуі керек. Ескерерлік жайт, 15 наурыздан 15 шілдеге дейін үш ай ішінде «Ақтөбе Таза Қала» ЖШС полигонында қатты-тұрмыстық қалдықтарды қабылдау тегін. Акция басталған уақыттан осы уақытқа дейін полигонға 242 тонна қоқыс тасталды. 7 сәуір күні ұйымдастырылған сенбілік барысында 106 тонна қоқыс жиналды.Сонымен бірге меншік түріне қарамастан көп қабатты және жеке үйлердің тұрғындарына, кәсіпорындар мен ұйымдарға жиналған қоқыс, ағаш қалдықтарын жолдарда, көрші аумақтарда немесе контейнерлік алаңдарда сақтауға қатаң тыйым салынады. Қоқысты жинап, полигонға апарып төгу керек. Ақтөбедегі ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қазірдің өзінде санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жүргізіп жатыр. Келесі сенбілік 14 сәуірінде өтеді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button