Мәдениет

Былғарыдан кәдесый жасайды

Дәстүр

Қазақтың қолөнерінде былғарының орны ерекше. Бабаларымыз теріні илеп, тұрмысқа пайдаланған. Киім тігіп, кебіс киген. Былғары қазір де құнын жоғалтқан жоқ. Оны өңдеу мен пайдаға жарату заман ағымына қарай өзгерістерге бейімделді. Шалқар ауданында былғарыдан кәдесый жасайтындардың қатары артты. Соның бірі — Ақтоғай ауылының тұрғыны Тілеужан Қазымбетов. Оқушыларын еңбекке баулып, ептілікке үйрететін ұстаз жас қолөнершілермен бірге торсық, қамшы, бойтұмар, қобыз, шаңырақ кәдесыйларын жасайды. Коллаж-портрет те оқушылардың ынтасы, ықыласымен жасалады. Осындай жұмыстарды ұстаз Шалқар аудандық білім бөлімінің «Былғарымен жұмыс және қазақтың қолөнері» атты қолөнер бұйымдарының сырттай байқауына жолдады. Ондағы ойы оқушыларына шабыт беріп, технология пәніне қызығушылығын арттыру болатын. Байқау қорытындысы шығып, мектеп бойынша жүлделі І орынмен Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектебі марапатталды. Бұл — оқушылар мен ұстаз жұмысының нәтижесі.

Ақтоғай орта мектебінің оқушылары жыл сайын дәстүрлі аудандық көркемсурет лицейінде, Оқушылар сарайында ұйымдастырылатын «Шеберлер ауылы», «Балауса» көрмелерінде жүлделі орындармен марапатталып келеді. Ақтоғай ауылындағы жас шеберлердің жұмысы мұнымен шектеліп қалмай, жандана түсері сөзсіз.

А.ТАЛАСОВА,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button