СпортӘлеумет

Жасланның жүлделері

Мақтаныш

Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 2-полиция батальонының жеке құрамы арасында күреспен, футболмен, спорттың басқа түрлерімен айналысатын қызметкерлер көп. Солардың бірі — полиция кіші сержанты Жаслан Қожмұратов. 

Жаслан оқушы кезінде де еліміздің әр аймағында өткізілген жарыстарға белсене атсалысып, жүлделі орындарға ие болған. Әскери борышын абыроймен атқарған  ол өзінің еңбек жолын ішкі істер органдарынан бастап, бүгінде қызмет пен спортты қатар алып келеді. Тәртіп сақшылары арасындағы бөлінісаралық, облыстық жарыстарда өзінің күшін сынап, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Оның биылғы жетістіктеріне ғана тоқталып кетсек, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен өткен қоян-қолтық күрестен ерлер арасындағы чемпионатта 80 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын, жекпе-жек ұлттық спортынан облыстық ашық чемпионатта І орын, облыстық аралас жекпе-жек бойынша біріншілікте ІІІ орынды иеленген.

«Спортпен шұғылдану денені ғана емес, адамның рухын да жетілдіреді. Ерік-жігер,  табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Спортпен шұғылданған адам қай кезде де көлеңкеде қалмайды», — дейді  полиция кіші сержанты Жаслан Қожмұратов.

Тимур БАЙЖУАНОВ,

2-полиция батальонының взвод командирі,

полиция аға лейтенанты.

Ақтөбе қаласы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button