Әлеумет

Топ мүшелері Темірге барды

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасыменқолға алынған «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында Темір ауданында бірқатар кездесу өткізілді.

Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абзал Шотанов бастаған ақпараттық-насихаттық топ аудан орталығында, Тасқопа, Ақсай, Алтықарасу ауылдық округтеріндегі тұрғындармен кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады.

Аудан әкімі Асқар Жүсібәлиевтің төрағалығымен өткен жиында жобаның «Террористік актілер қауіптілігіне дайындық» бағыты бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы толық айтылды. Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Абзал Шотанов террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуы және терроризм актісінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынға аудандық мекеме қызметкерлері, бөлім басшылары, мектеп директорлары қатысты.

«Террористік актілер қауіптілігіне дайындық» бағыты бойынша жұмыс істеп жатқан ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Тасқопа, Ақсай, Алтықарасу ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілердің және стратегиялық маңызы бар экономика салалары ғимараттарының қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігін, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.

Тұрғындар өз ойларын ортаға салып, топ мүшелеріне ұсыныстарын жеткізді.

М.ТАБЫН. 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button