МәдениетӘлеумет

Тегін концерт көрсетті

Ырғызда Аллаберген Жақсыбаевтың «Мереке күніңмен» атты ән кеші өтті. Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар әнші Халықаралық әйелдер күні қарсаңында туған жеріне арнайы келіп, жерлестеріне керемет кеш сыйлады.

Өнер иесі бұл жолғы шығармашылық концертін «Туған жерге тағзым» акциясы аясында тегін өткізді. Аудан орталығында орналасқан «Арай» мәдениет үйінде өткен кешке жиналғандардың қарасы көп болды. Әнші залдың алдыңғы қатарында отырған көпбалалы аналарға гүл шоқтарын сыйлап, өзінің ыстық тілегін әнімен жеткізді.

Шара соңында жерлестерін өнерімен тамсандырған Аллаберген Жақсыбаевқа аудан әкімінің алғыс хаты тапсырылып, Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Қонақбаев көрерменнің ыстық ықыласын жеткізді.

Аллаберген Жақсыбаев — Ырғыздың перзенті, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, 2002 жылдың жазында «Азия дауысы» атты үлкен өнер додасында жүлделі орынды иеленген, Болгарияда өткен дәстүрлі «Алтын орфей» байқауында үшінші дәрежелі лауреат атанып, «Үздік әнші» дипломына ие болған талантты әнші.

Марат МЫРЗАЛЫ.

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button