Құқық

Әдепсіз қызметкерлер жаза алды

Әдеп жөніндегі кеңес

Сейсенбі күні  өткен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында бес мәселе қаралды.

Алғашқы кезекте осы Әдеп жөніндегі  кеңес хатшылығының меңгерушісі Мирамкүл Бибітова үстіміздегі жылдың 7 ақпанында өткізілген отырыста қабылданған шешімдердің орындалуы туралы хабарлама жасады. Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері бойынша ақпарат берді.

Сонымен бірге, бұл күнгі отырыста Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзған бірнеше лауазым иелерінің тәртіптік ісі қаралды. Соның бірі — Алға аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ескендір Бекіш. Оның Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны жөнінде үстінен шағым болған. Шағымда көрсетілген мән-жайлар ішінара дәлелденген. Осы жағдайларды талқылай келіп, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері  Ескендір Бекішке сөгіс түріндегі тәртіптік жаза белгіледі.

Ақтөбе қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары Рүстем Әлжановқа қатысты қозғалған тәртіптік істе бұл мемлекеттік қызметшінің сөгіс алуымен аяқталды.

Әдеп кеңесінің осы күнгі болған отырысында облыстық білім және облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларында орын алған мемлекеттік қызмет туралы заңнама бұзушылықтардың жайы тыңдалып, тиісті шешім қабылданды.

 Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button