Экономика

Отандық азық-түлік тауарларымен қамту көрсеткіші — 81,4 пайыз

Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Жиынға облыстық мәслихат хатшысы С. Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары М. Абдуллин, аталған комиссияның мүшелері, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері және облыстық департаменттер мен басқармалар басшылары қатысты.

Жиында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мақсатындағы шаралар туралы мәселе қаралды. Бұл мәселеге орай депутаттар алдымен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Әбтиевтің баяндамасын тыңдады. Ол бағаны тұрақтандыру мақсатында үш бағытта: тұрақтандыру қоры бойынша; ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру және өңіраралық кооперацияны дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Бүгінгі күні облыс тұрғындарын отандық азық-түлік тауарларымен қамту көрсеткіші 81,4 пайызды құрап отыр.

Сондай-ақ, жиында облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары А.Көкеев те баяндама жасады. Оның айтуынша, облыста өткен жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жылдық инфляция деңгейі 108,1 пайыз болған. Бұл республикалық көрсеткіштен 2,1 пайызға төмен.

Жиын соңында депутаттардың ұсыныстары ескеріле отырып, қаралған мәселе бойынша қаулы қабылданды.

И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button