Әлеумет

Газ тұрмысты жеңілдетіп, экономиканы нығайтады

Елбасының бес әлеуметтік  бастамасы

Елбасының шағын несие беруді көбейту жөніндегі бастамасы — мыңдаған адамның өз ісін ашуына мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды.

Президент Үндеуінде осылай деп атап көрсеткен. Өз кәсібін ашып, бизнеспен айналысқан адам ауылда да көп іс тындыра алады. Мұның талай мысалын ауылдың бүгінгі өмірінен көріп, көз жеткіздік. Ең бастысы, еңбекті сүю, жан-тәніңмен беріліп жұмыс істеу.

Үндеуде айтылған бесінші бастама — елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру —әлеуметтік мәселенің түп қазығы десек, артық болмас. Адамның тұрмысын жеңілдетуден артық қандай әлеуметтік мәселе болмақ. Бұл жағдай біздің өңірде біршама жолға қойылған. Өткен жылы ауданымызда Жосалы мен Қосестек ауылдары газдың қызығына бөленсе, қалған ауылдар да  көгілдір отыннан дәмелі. Елбасының бастамасы бұл жұмыстарды тездетер деген ойдамыз. Жалпы Қараөзек (Қызылорда облысы) — Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағытында магистральді газ құбырын тарту еліміз үшін ірі әрі пайдалы жоба болмақ. Сонша аймаққа  газ жетсе, ол елдің экономикасының нығаюына да қызмет етеді. Жаңа өндірістер ашылады.

Қуаныш ҚҰРМАШЕВ,

Желтау ауылдық округінің тұрғыны.

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button