Мәдениет

Гүлжайнардың жеңісі

Республикалық «Ұлт болмысы» әдеби байқауында ақтөбелік ақын қыз Гүлжайнар Қалдина поэзия жанры бойынша бірінші орын алды.

Республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы»  журналы  мен Ауған  соғысы  ардагерлер ұйымдарының  «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы  бірлесе  отырып, «Алашорданың»  құрылғанына  100 жыл толуына  орай поэзия, проза, журналистика және драматургия салалары бойынша дәстүрлі «Ұлт болмысы әдеби сыйлығы» байқауын жариялаған болатын.  Осы сында Гүлжайнар Қалдинаның  «Ғасыр тілегі» атты поэмасы бірінші орынға лайықты деп танылды. Байқауға Жүсіпбек Қорғасбек, Тұрсын Жұртбай, Ербол Бейілхан, Дәурен Қуат секілді белгілі қаламгерлер төрелік еткен.

Мені ерекше толқытқан шақ жерлесіміз, белгілі әскери қайраткер Ким Серікбаев ағамызбен  кездескен сәт болды. Ағамыз Ақтөбеден екенімді білген сәтте маңдайымнан сүйіп, батасын берді. Жалпы қазылар алқасы шығармамды жоғары бағалады, — дейді Гүлжайнар.

Байқаудың шарты бойынша бірінші орынға 500 мың теңге сыйақы берілген. Гүлжайнарды жүлдесімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button