Әлеумет

Су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады

Ақтөбеде көктемгі су тасқыны барысында жедел шаралар алу үшін қалалық су тасқынына қарсы штаб 20  наурыздан бастап жұмысын бастады.

Биыл штаб «Табыс Ақтөбе» ЖШС аумағында Ә.Молдағұлова даңғылы, 50 мекенжайында орналасқанын тұрғындар назарына саламыз.

Су тасқынына қарсы штаб телефондары: 57-17-22, 57-17-99.

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Б.Нұрашев биыл су тасқынына қарсы іс-шарасына 100 бірліктен астам су сорғыш көлігі жұмылдырылатынын хабарлады.

Сонымен қатар, 10 бірліктен астам самосвал, 3 бірлік қозғалмалы насос және помпалар жұмылдырылады. 20 бірліктен астам ауыр техника, оның ішінде бульдозер, кран, экскаваторлар, тиегіштер, бара-ара, трал және т.б. жұмылдырылатын болады.

Қаңтар айынан бастап қар полигонына 190 000 текше метрден астам қар шығарылды.

Былтырғы жылдың тәжірибесіне қарай, штабтан су сору немесе инертті материалдар түрінде көмек сұраған тұрғындарға көмек су тасқыны комиссиясының тексерісінен кейін беріледі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button