Әлеумет

Адами капитал нығаяды

Жолдау

Еліміз дамудың демократиялық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету — заңды құбылыс.

Мемлекетімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енген кезде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің біріне айналды. Сондықтан да, Жолдаудың жетінші міндеті «Адами капитал — жаңғыру негізі» атты тарауында білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттырып, тілдерді еркін меңгеруді қолға алу көзделіп отыр.

«Тіл – ақылдың өлшемі» деп халқымыз текке айтпаған. Сондықтан тілді меңгерту, оны сауатты қолдануды және мәдени сөйлеуді үйрету жастарды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды іс болмақ. Ал курсанттық өмірде олардың танымдық іс-әрекеті тек білімге, оқытуға ғана емес, өзімен бірге жүрген достарының өмір салтын, өзіндік ұлттық ерекшелігін тану, мамандыққа қатысты сөздерді игеру, өзінің зерделік, мәдениеттік өрісін кеңейтуге бағытталады.

Мемлекеттік тілде тек әскери ғана емес, сондай-ақ барлық саладағы пәндерді жаңғырту, қазақша ойлау қабілетін қалыптастыру тіл мәртебесін жоғарылатады. Пәндердің мемлекеттік тілде сапалы әрі мазмұнды жүргізілуі — болашақ мамандардың, яғни бүгінгі жастардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттырады және сана-сезімі мен мәдениетін көтереді.

Н.ҚАЙРҒАЛИ,

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

кадр жұмысы бөлімінің бастығы,

полиция подполковнигі.

Н.СҮЛЕЙМЕНОВ,

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы,

полиция майоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button