Әлеумет

Он міндетті орындауымыз керек

Жолдау

Елбасымыздың биылғы Жолдауы өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін игеруге бағытталған. Біз бұған дейінгі Жолдауларда айтылған барлық міндеттерді орындап келеміз. Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы 100 нақты қадаммен озық елдердің көшіне еру міндеті жүріп жатыр. 2018 жылдан бастап «цифрлы дәуір» өнеркәсібін қалыптастыру арқылы агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл дегеніміз — еліміздегі шикізатты және отандық өнімдерді өңдеп, экспортқа шығарамыз деген сөз. Өйткені ауылшаруашылық саласында жаңа технологияларды енгізіп, индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажеттілігі туындап отыр. Осы тұрғыда Елбасы Жолдауында ауылшаруашылық өнімінің экспортын арттыру мәселесі айтылады. Бұған біздің іргелі округтің мүмкіндігі бар. Жолдауда бүгінгі маңызды, ең өзекті мәселелердің қалай шешілуі керектігі айқын көрсетілген. Алдымызда орындалуы тиіс он міндет тұр. Ел болып ауызбіршілікпен бағытымызды айқындап берген сара жолда тынбай үлес қосу — әрбір қазақстандықтың парызы.

Ауылдық жерлерде біраз шаруалар жасалды. Әр жыл сайын әкімдердің есебіне арқау болған көрсеткіштер көңілге қонымды. Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауы жаңа серпін беріп, жаһандану жолында нық қадам басып келеміз. Сондықтан мен Президентіміздің саясатын қолдаймын және оның тапсырмасын орындап, ауылдық жерлерде жүзеге асырылуына бар күшімді саламын.

 Абат МҮБАРАКОВ,

Саралжын селолық округінің әкімі.

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button