Мәдениет

Үш мерекенің құрметіне арналған фестиваль

Ақтөбе қаласында жерлес және көршілес Орынбор облысының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Потанцуем и споём, соседи?!» атты фестиваль өтті. Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мерекелік шара Астана қаласының 20 жылдығына, Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 65 жылдығына, халықтық ұжым — «Әлия гүлі» қазақ би ансамблінің 40 жылдығына арналды.

Мұндағы мақсат — Қазақстан мен Ресей елдерінің арасындағы өнер ықпалдастығын одан әрі дамытып, жастардың арасында шынайы патриотизмнің маңызды көріністерін қалыптастыру. Оған Орынбордағы «Бәйтерек» қайырымдылық қорының төрайымы, Халықтар достығы үйінің облыстық қоғамдық мекемесінің президенті Сәуле Тайкешова арнайы қатысты. Ал көрермендер алдында ақтөбелік талантты ұл-қыздардан бөлек, Орынбор облысына қарасты  Соль-Илецк қаласының «Салтанат» би театры, Ақбұлақ қаласының «Самал» тобы, Ясный қаласының «Сағыныш» қазақ ансамблі, Домбаров ауданының шығармашылық ұжымдары, т.б. өнер көрсетті.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, фестивальдің басты ерекшелігі деп оған әншілер мен бишілердің қатар атсалысқанын айтуға болады.

Ақтөбелік өнерсүйер қауымға мереке күндері көтеріңкі көңіл күй сыйлаған фестиваль қатысушыларына Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button