Басты жаңалықтарМереке

«Наурыз мейрамы — 2018» дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

  1. Қаланы және мәдени-көпшілік шаралар өтетін орындарды мерекеге сай безендіру (бөлек жоспар бойынша), наурыз, қаланы безендірудің бөлек жоспары бойынша.
  2. «Наурызым — дәстүрлі ізгілігім», «Өлкеме Наурыз келді!», «Наурыз-жыл басы». Мерекелік бағдарламалар, көрмелер, сайыстар, 15-20 наурыз, қала кітапханалары.
  3. «Қош келдің, Әз Наурыз!», «Армысың Наурыз», «Күй өнері-халық қазынасы», «Ұлыстың ұлық мерамы», «Наурыз мейрамы». Мерекелік бағдарламалар, көрмелер, сайыстар, 15– 20 наурыз аралығында, қала мектептері және мектепке дейінгі білім беру мекемелері.
  4. «Армысың, әз Наурыз». Кітап көрмесі, 16-23 наурыз сағ.11.00. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы.
  5. «Наурыз». Мейрамына арналған мерекелік концерт, спорттық шаралар, киіз үй орнатылады, 17 наурыз сағ. 11.00, Ақтөбе сервис колледжі.
  6. Заречный-3 елді мекенінің тұрғындарымен бірлескен «Наурыз мерекесіне арналған той шашу». Мерекелік шара,17 наурыз сағ. 11.00, № 61 орта мектеп ауласы.
  7. «Көңілді көктем». Әзіл кеші, 17 наурыз сағ.16.00, №65 орта мектеп.
  8. «Қош келдің, Әз Наурыз!». «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің концерті, 17 наурыз сағ. 17.00, Өнер орталығы.
  9. «Искорки». Би ансамбілінің шығармашылық концерті, 17 наурыз сағ.18.30, қалалық оқушылар сарайы.
  10. Жасанды шыңға өрмелеуден ашық біріншілік,18 наурыз сағ.10.00, қалалық жас туристер стансасы.
  11. «Ұлыс келді». Тоғызқұмалақтан турнир, 18 наурыз сағ.11.00, балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі.
  12. Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік бағдарлама, 19 наурыз сағ.10.00, қалалық техникалық шығармашылық орталығы.
  13. «Армысың, Әз Наурыз!». Қойылым, 19-20 наурыз аралығында сағ.10.00, қалалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы.
  14. «Ұлыстың ұлы күні». Мерекелік шара, 19 наурыз сағ.10.30, Ақтөбе автожол колледжі.
  15. «Наурызым — Байлық, Берекем». Этно мерекелік кеш, 19 наурыз сағ.11.00, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы.
  16. «Біздің елдің жігіттері-жігіттердің төресі». Облыстық байқау, 19 наурыз сағ. 11.00, қалалық оқушылар сарайы.
  17. «Қош келдің, нұрлы Наурыз!». Мерекелік шара, 19 наурыз сағ.12.00, облыстық планетарий.
  18. «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні!». Мектеп оқушыларының сурет көрмесі, 19 наурыз сағ. 15.00, облыстық «Руханият» музейі.
  19. Қазақтың салт-дәстүрлері, Ұлттық ойындар, Ғажайып алаң. Ойындар, жарыстар, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, 20 наурыз

сағ. 9.30, Новый орта мектебі.

  1. Наурыз мерекесіне орай қазақша күрес, 20 наурыз сағ.10.00, №33 орта мектеп базасында.
  2. «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз». Мерекелік іс-шара, 20 наурыз сағ.10.00, Елек ауылы.
  3. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Наурыз — нұрлы күн». Мерекелік думан, 20 наурыз сағ.11.00, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы.
  4. «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз». Мерекелік бағдарлама, 20 наурыз сағ.11.00, Қазанғап атындағы өнер мектебінің ауласы.
  5. «Армысың, әз Наурыз!». Мерекелік концерт, 20 наурыз сағ.11.00, №1 балалар музыка мектебі.

 

  1. «Наурыз — той-думан». Мерекелік шара, 20 наурыз сағ.11.00, №3 балалар музыка мектебі.
  2. «Ұлыстың ұлы күні — Наурыз». Мерекелік іс шара, 20 наурыз сағ.11.00, Өрлеу ауылы орталығында.
  3. «Наурыз — ырыс береке». Мерекелік концерт, 20 наурыз сағ. 11.00, балалар шығармашылық үйі.
  4. «Наурыз — думан». Көру мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында мерекелік көпшілік шара, 20 наурыз сағ.14.00, қалалық қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйі КММ.
  5. «Наурыз нұры». Мерекелік концерт, 20 наурыз сағ.14.00, Новый орта мектебі.
  6. «Жігіттің сұлтаны». Сайыс, 20 наурыз сағ.16.00, Пригород орта мектебі.
  7. «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні». Мерекелік шара, 20-22 наурыз аралығында, Блогадар ауылдық округі.
  8. «Асығың алшысынан түссін». Ұлттық ойындар сайысы, 21 наурыз сағ.10.00, Қурайлы мәдениет үйі.
  9. Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Потанцуем, споем, соседи!». ІІ ән,би фестивалі, 21 наурыз сағ.10.00, қалалық мәдениет үйі.
  10. «Бақытты бала Мәңгілік Ел кепілі». Балаларға арналған мерекелік шаралар, 21 наурыз сағ.10.30, қала мектептерінде.
  11. «Бақытты бала Мәңгілік Ел кепілі». Театрландырылған қойылым, мерекелік бағдарламалар, халықтық қыдырулар, 21 наурыз сағ.11.00, Мәңгілік алау, Денсаулық саябағы, Батырлар аллеясы, Ғашықтар сквері, Кең дала, Абай даңғылы қалалық мәдениет алаңы.
  12. Балаларға арналған «YO Батут» орталығының ашылуы, 21 наурыз сағ. 15.00, Сәңкібай батыр даңғылы,130 «б» «Перчини» мейрамханасы.
  13. «Махаббат мұңы». Драма, 21 наурыз сағ.18.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
  14. «Қош келдің, Әз Наурыз!». Этнографиялық көрме, 21-22 наурыз аралығында сағ.10.00, облыстық тарихи-өлкетану музейі.
  15. «Наурыз нақыштары». Қол өнер көрмесі, «Оюлы әуендер». Құрақ көрпелер көрмесі, 21-23 наурыз аралығында сағ.11.00, Қурайлы мәдениет үйі.
  16. «Аққанат» халықаралық ән-би фестиваль-байқауы, 21-24 наурыз сағ.9.00, №1 балалар музыка мектебі.
  17. ГТФ таэквандодан қала біріншілігі, 21-24 наурыз аралығында, қалалық спорт залы.
  18. 2010-2014 жж. балаларға арналған ушу-таола турнирі, 22 наурыз сағ.11.00, «Сұлтан» спорт залы.
  19. «Қош келдің, нұрлы мереке!». Театрландырылған қойылым, 22 наурыз сағ.11.00, Тұңғыш Президент саябағы.
  20. «Наурызым — дәстүрлі ізгілігім». Наурыз мерекесіне арналған іс-шара, 22 наурыз сағ.11.00, Сазды қалалық мәдениет үйі.
  21. «Наурызым — құт береке!». Қала алаңдарында өтетін театрландырылған мерекелік бағдарламалар, халықтық қыдырулар, 22 наурыз сағ.11.00, Өнер орталығы алаңы, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябағы, «Келісім және бірлік бульвары», «Керуен Сити» ойын-сауық сауда орталығы, Пушкин атындағы демалыс саябағы, «Ретро» демалыс саябағы, Металлургтер мәдениет үйі алаңы.
  22. «Армысың, Әз-Наурыз!». Мерекелік шара, 22 наурыз сағ.11.00, Қурайлы мәдениет үйі.
  23. «Наурызым мерекем, Наурызым берекем». Мерекелік шара,көрініс көрсету, концерттік бағдарлама, «Шуақ  шашып көңілге, әз-Наурыз  келді өңірге» әр мекеме ұжымдары мерекелік дастарқан жайып, Ең үздік наурыз көже Ең үздік ұлттық киім, Ең үздік ұлтық ойын номинациялары беріледі. «Елдің мықты тірегі — дені сау ұлт» ауыл тұрғындары арасында ұлттық спорт ойындары, 22 наурыз сағ.11.00, Қарғалы округі алаңы.
  24. К.Нокин атындағы елді мекен тұрғындары үшін Наурыз тойы. Мерекелік шара, 22 наурыз сағ.11.00, К.Нокин атындағы №65 орта мектеп.
  25. «Айман-Шолпан». Музыкалық комедия (кіру тегін), 22 наурыз сағ.18.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
  26. «Әз-Наурыз құтты болсын!». Ясный селосының тұрғындарына арналған салт-дәстүрді насихаттауға арналған ауылдық көпшілік іс-шара, 23 наурыз сағ.11.00, №41 орта мектептің ауласы.
  27. «Мейірім шуағын сыйлау». Қайырымдылық акциясы аясында мектепке дейінгі ұйымдар қатысуымен қайырымдылық концерт, 25 наурыз сағ.11.00, Шығармашылық академиясы.
  28. «Көктем және спорт». Спорттық жарыс, 26 наурыз сағ.10.00, қалалық оқушылар сарайы.

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button