Жаңалықтар

«Бала тілі — бал»

Фестиваль

деп  аталған байқау қаладағы №34 «Таңшолпан» балабақшасында өтті. Қаладағы балабақша бүлдіршіндері қатысқан бұл байқауға 10 топ алдын ала іріктеліп алынған.

Байқау Ақтөбе қаласының әкімдігі мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған «Тілімді білсең — жанымды түсінесің» қалалық тіл фестивалі аясында өтіп жатыр. Сайысқа қатысуға қаладағы барлық балабақша тілек білдірген.

Байқаудың мақсаты — өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын ояту, бүлдіршіндер арасындағы талантты, өнерлі балаларды анықтап, мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беретін мекемелердің мемлекеттік тілді үйрету деңгейін анықтау.

Сынға түскендер төрт тапсырма бойынша бақтарын сынады. Өз балабақшасы мен тобын қазақ тілінде түсіндіріп, жұмбақ, мақал-мәтелдер айтып, ертегілер  желісімен көрініс қойып және өз өнерлерін ортаға салды.

Балалардың сөйлеу мәнеріне, тіл мәдениетіне, өздерін сахнада ұстау мәнісіне назар аударған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаз топ облыстық байқауға жолдама алды.

Үздіктері қала әкімінің дипломдарымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сәнім ЫСҚАҚҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button