Жаңалықтар

Балық сүйегінен жасалған бұйымдар

Көрме

Сейсенбі күні №16 Ақтөбе орта мектебінде 9-сынып оқушылары арасында Жеңістің 65 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды. Шараға суретші Әсия Ойнарова қатысты.

Бұл көрме басқа көрмелерден өзгерек. Ерекшелігі, оқушылар майдан тақырыбындағы суреттерді балық сүйектерімен өрнектеп, жұртшылық назарына ұсынды.

Бүгінгі шара біздің мектеп үшін ерекше болды. Себебі оқушылар көрме аясында өзара пікірлесіп, шебер маманнан сурет әлемінің сырын ұғынды. Балалардың өнерге деген құлшынысын суретші Әсия Ойнарова ашты. Алдымен оқушылар суретшінің отбасында болып, оның өнеріне тәнті болды. Кейін суретші біздің мектебімізге арнайы келіп, оқушыларды осы өнерге үйретті, — дейді сынып жетекші Маулет Изимбетова.

Көрмеге қойылған суреттер майдан өмірінен сыр шертеді. Сонымен қатар оқушылар жасаған бұйымнан соғыс кезіндегі ауыртпалықты сөзсіз аңғаруға болады.

Мен көрмеге екі сурет ұсындым. Алғашқысында соғыста жауынгерлердің қару-жарақ асынып, зеңбіректер қолданғанын көрсеттім. Ал екіншісінде, майдангерлердің елге Жеңіспен оралған қуанышты жүздерін бейнеледім. Көрмедегі бұйымдардың барлығы  балықтың сүйегінен жасалып, желімделіп, арнайы бояулармен боялған. Бұл — біздің өнерге деген алғашқы қадамымыз. Сондықтан суретші Әсия апайымызға алғысымызды білдіреміз, — дейді 9- сынып оқушысы Әсем Қожанова.

Көрме барысында суретші оқушыларға сәтті қадам тілей отырып, олардың өнерге деген талпыныстарына жоғары баға берді. Ал ұстаз Татьяна Тышко көрмеге қатысқан суретші мен оқушыларға алғысын білдірді.

Айгүл ЖҰБАНЫШ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button