Әлеумет

Халықтың көңілінен шықты

Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі — елдің ертеңгі болашағын ойлаған кемел басшының көрегендік саясаты.

Аталған Үндеуде шағын несиелерді қаржыландыру көлемін арттырудың арқасында ауылдың жағдайын көтеру туралы бастамасы ауылда тұратын халықтың көңілінен шығады деп ойлаймын.

Елбасы айтқандай, таяу жылдарда елімізде шағын несие көлемі 62 миллиард теңгеге жететін болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе артық және осы бастаманың нәтижесінде 14 мың адам несие алады. Ал әрбір несие алған адам ең кемінде 3-4 адамды жұмыспен қамтиды, демек бұл біздің экономикамызды көтеріп, шағын және орта бизнесті дамытады.

Сонымен қатар Президенттің әр отбасының тұрғын үй алу үшін жасап отырған жаңа мүмкіндіктері еліміздегі жас отбасылар үшін өте тиімді. Атап айтсақ, ендігі уақытта несие өсімінің мөлшерлемесі 7 пайыз, ал бастапқы жарна көлемі 20 пайыздан аспауы керек.

Елбасының еліміздің болашағы — жастарға арналған жоғарғы білім алу мүмкіндіктерін ұлғайту мен студент жастардың жағдайын жақсарту жайындағы бастамасы да көпшіліктің көңілінен шықты.

Қорыта айтқанда, ел көкейінде ертеңге деген сенім ұялатқан бұл игі бастамаларды орындау — ортақ міндет.

 Аман ЖАРМҰХАНОВ,

аудандық мүгедектер ұйымының төрағасы.

Алға ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button