Әлеумет

318 бос жұмыс орны ұсынылды

Жәрмеңке

Облыстық филармония ғимаратында Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығы кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

Жыл басталғалы екінші рет ұйымдастырылып отырған шараға қаладағы 39 мекеме 318 жұмыс орнын ұсынды.

Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Эльвира Жуминованың айтуынша, бүгінгі таңда Ақтөбеде 2300-ге жуық жұмыссыз адам тіркеуде тұр. Сондай-ақ жыл басынан бері 550 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген.

— Бүгінгі жәрмеңкеде жұмыс орындары  білім, денсаулық сақтау, құрылыс, есеп, сауда және қызмет көрсету салалары бойынша ұсынылып отыр. Қорытындысы бір апта көлемінде белгілі болады. Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің қарым-қатынасын оңтайландыру мақсатында электронды еңбек биржасы үкіметтік порталы іске қосылған болатын. Бүгін орталық мамандары келушілерге осы порталдың қызметін таныстырып, қолдану тәсілдерін үйретуде, — дейді Эльмира Жуминова.

Биыл жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында 11 бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарланған. Қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жұмыспен қамту бөлімімен өткізілетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің кестесі бекітіліп, Ақтөбе қаласы әкімдігінің, сондай-ақ жұмыспен қамту бөлімінің әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button