Әлеумет

217 ақпараттық топ 684 кездесу өткізді

Жолдау

Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық топ Ақтөбе мыс компаниясының еңбек ұжымымен кездесті.

Кездесуге Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік қызмет ардагері Ахат Мырзалин, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры»  акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Элмира Талаева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы Салтанат Оңғар және облыстық ішкі саясат басқармасы өкілдері менкомпания қызметкерлері қатысты.

Бас қосуда сөз алғандар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының бағыттарына жеке-жеке тоқталып, тыңдаушы тараптан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Айта кетейік, Елбасы Жолдауын халыққа насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық топ  16-20 қаңтар аралығында  Ақтөбе қаласы мен 12 ауданның (әр аудан бойынша  4 елді мекеннен қамтылды) елді мекендерінде 325 кездесу ұйымдастырылып,  78  мыңнан астам тұрғын қамтылды. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы мен аудандарда 972 адамнан тұратын 217 ақпараттық топ құрылып,  қаңтар айы бойынша 684 кездесу өткізіліп, 63014 адам қамтылды.Биылғы ақпараттық топтардың ерекшелігі, Елбасы Жолдауында белгіленген міндеттерге сәйкес,  бұл құрамда техникалық ғылым және сандық технологиялар саласындағы ғалымдар мен жас мамандар, журналистер, облыстық мәслихат депутаттары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы және қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері бар. Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосовтың айтуынша, Жолдауды түсіндіру жұмыстары жыл бойы жалғаса береді. Қаңтар айында толық қамтылмай қалған аудандардағы елді мекендерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін екінші ақпараттық топ наурыз айынан бастап шығатын болады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button