Әлеумет

Шаңғы тебуге келіңіздер!

Биыл 3 наурыз күні «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің жүлдесі үшін дәстүрлі шаңғы жарысы ұйымдастырылады. Биыл бұл жарыс «Актюбинский вестник» газетінің 100 жылдығы белгісімен өткізіледі.

Барлық келушілерді, жасына қарамастан, осы жарысқа қатысуға шақырамыз! Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында өткізілетін жарыс бағдарламасы кезінде тұрғындардың шаңғы тебудегі физикалық дайындығына байланысты президенттік тест тапсырылады.

Сайыс Кірпішті елді мекенінде өтеді. Басталу уақыты — сағат 10.00.

Қосымша сұрақтар бойынша 56-14-00 телефон нөміріне хабарласыңыз.

Ұйымдастыру комитеті.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button