Ресми

Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері!

2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсыну нысанын жеңілдетуге бағытталған «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы №51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №175 бұйрығы қолданысқа енгiзiлетіндігін хабарлаймыз.

Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің сайтында (http://zan.gov.kz) жарияланған. Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары хатқа қосымша ретінде ұсынылады.

Қазіргі уақытта ҮЕҰ дерекқоры веб-порталында (infonpo.kz) мәліметтерді ұсынудың жаңа нысанына сәйкестендіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай, Сіздерді мәліметтерді веб-портал арқылы ұсынуды сұраймыз.

Сондай-ақ Сіз толтырылған нысандарды (кестелер) қағаз түрінде ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне (010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс) жолдай аласыз.

Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы 41-бабының 5-тармағына сәйкес ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді 2018 жылғы 31 наурызға дейін ұсыну қажет екенін еске саламыз.

Сұрақтар болған жағдайда 8(7172) 74-04-20, 64-25-24 нөмірлері арқылы немесе support@infonpo.kz электрондық мекенжайы арқылы хабарласуға болады.

«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button