Экономика

Алғашқы айдың қорытындысы

Статистика

Облысымыздың биылғы жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Ақшалай табыстар

2017 жылғы III тоқсанда халықтың орташа жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 70 635 теңгені құрады.

2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар 5,8 пайызға өсті, ал нақты ақшалай табыстар өзгеріссіз қалды.

Жұмыс

2018  жылғы қаңтардың аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 4,6 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санының 1,1 пайызы.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі  бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,1 пайызын құрады.

Жалақы

2017 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 138 232 теңгені құрады. Яғни 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,7 пайызға өсті.

Нақты жалақы индексі 2016 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда 102,1 пайызды құрады.

Баға

Тұтыну бағасының индексі 2018 жылғы қаңтарда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,4 пайызды құрады.

Бағалар азық-түлік тауарларға — 0,7%, азық-түлік емес тауарларға 0,3 пайызға өсті.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 2018 жылғы қаңтарда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,9 пайызға төмендеді.

Инвестиция

2018 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13 500,8 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 24,8 пайызға көп.

Тіркелген заңды тұлғалар

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2018 жылғы 1 ақпанға 16 781 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,9 пайызға артты.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 11 504 немесе тіркелгендер санына қатысты 68,6 пайызды құрады.

Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына қатысты 98 пайызды және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 97 пайызды құрады.

Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 14 028 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,3 пайызға артты.

Сауда

2018 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі 32 165,9 миллион теңгені құрап, 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда өсім 3,1 пайыз болды (салыстырмалы бағада).

Биылғы жылғы қаңтарда көтерме сауда көлемі 57 622,9 миллион теңгені құрап, 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 23 пайызға өсті (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыс бойынша өзара сауда тауар айналымы 1 169 774,1 мың АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 36,8 пайызға көбейді, оның ішінде экспорт 517 439,8 мың АҚШ долларын құрады (41,9 пайызға көбейді), импорт 652 334,3 мың АҚШ долларын құрады (33 пайызға көбейді).

Өнеркәсіп

2018 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалар бойынша 127 044,3 миллион теңгені құрады, сөйтіп, 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,9 пайызға өсті.

Өсім көлемі өңдеу өнеркәсібінде — 3,9 пайыз,  электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 21,9 пайыз болды. Ал кен өндіру мен өнеркәсібі және карьерлерді қазуда — 0,9 пайызға, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 4,4 пайызға төмендеді.

Ауыл шаруашылығы

2018 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі ағымдағы бағалармен 7 157 миллион теңгені құрап, 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,3 пайызға көбейді.

Жүк айналымы

Үстіміздегі жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 456,9 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,2 пайызға өсті.

Жолаушылар айналымының көлемі 1 170,4 жолаушы-километр құрап, 2,7 пайызға артты.

Облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша әзірленді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button