Мәдениет

Таныс әуендер әуеледі

Қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйі — көру  мүмкіншіліктері шектеулі  жандардың рухани демалас орны. Жақында осы мәдениет орынында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  көру  мүмкіншіліктері шектеулі  адамдар арасында  «Сағындырған әндер-ай»  атты  ретро-концерт ұйымдастырылды.

Шара барысында зағиптар мәдениет үйінің көркемөнерпаздары «Ана туралы жыр», «Мясоедовская улица моя», «Листья желтые» «Құрбым, жан құрбым» , «Арыс жағасында», тағы басқа көптеген әндерді орындады.

Бұрынғы кезгі әндердiң тылсым қасиетi бар. Ал сондай әндерді шығарған Садық Кәрiмбаев, Бекен Жамақаев, Әбiлахат Еспаев сынды сазгерлерiмiздiң кiм екенiн бiлмейтiн де жастар бар. Яғни сол жастарымызға және тұрғындарға аға буын сазгерлеріміздің есiмiн қайта бiр естірту, жаңғырту осы концерттің мақсаты болды.

Ретро-концертте тек ән айтылып қана қоймай, ретро әндерге қатысты көрермендер арасында сұрақтар қойылып, ойындар ойналып, жеңімпаз көрерменге сыйлықтар табыс етілді. Кеш аясында зағиптар мекемесінің ардагері В.Кошарный  қатысушы өнерпаздарға және көрермендерге жылы лебізін білдірді.  «Құлақтан кіріп, бойды алар» әсем  әуендерді тыңдаған көрермендер ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, көтеріңкі көңілмен тарқады.

 Г.НИЯЗГҮЛОВА,

зағиптар қоғамы мәдениет үйі

директорының міндетін атқарушы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button