Ауыл

Арзан әрі сапалы

Бадамшадағы «Степное» ЖШС-ның наубайханасында күніне 1500-2000 нан пісіріледі. Бұл наубайхананың бір ерекшелігі, нанның бағасы басқа наубайханаларға қарағанда арзан.

Наубайхананың шебері Айгүл Ермұханбетованың айтуынша, серіктестік құрамындағы диірмен мен наубайхана 2001 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Қазір мұнда 10-ға жуық адам жұмыс жасайды.

  • Бұрын осы серіктестік құрамында макарон өнімдерін шығаратын цех болды. Қазір ол өз жұмысын тоқтатты. Шағын наубайханамыз екі ауысымда жұмыс жасайды. Наубайхана ауданның орталығы мен жақын ауылдарды нанмен қамтамасыз етеді. Нанның бағасы — 60 теңге. Дүкендер бізден 60 теңгеге алып, тұрғындарға 65 теңгеден сатады. Ал басқа наубайханалар 65 теңгеден өткізеді, — дейді шебер.

Оның айтуынша, тұрғындар нан бағасы арзан болған соң, көп жағдайда «Степное» ЖШС наубайханасының жоғары сортты нанын сатып алады.

  • Біз дүкендермен арнайы келісімшарт арқылы жұмыс жасаймыз. Өзіміздің нан өткізетін арнайы орындарымыз жоқ. Соған қарамастан халық біздің наубайхананың нанын мақтап жатады. Бұған біз қуанамыз, — дейді А.Ермұханбетова.

Көзімізбен көргендей, шағын наубайхананың құрал-жабдықтары жаңа болғанымен, іске жарап тұр. Мұнда нан пісіретін пештер, нан сақтайтын сөрелер, сондай-ақ нан таситын,  қамыр илейтін жабдықтар бар.

Шебердің айтуынша, аспаз, наубайханашылар жалақысын ай сайын алып тұрады. Олардың орташа еңбекақы мөлшері — 50 мың теңге.

 Д.ҚАЗИХАН.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button