Ауыл

Сексен литр сүт сатылды

Хромтау қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Ресми мәліметке сүйенсек, жәрмеңкеге 8 ауылдық округ және Хромтау қаласы бойынша 7 шаруа қожалығы мен бір серіктестік, бір ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 5 жеке тұлға қатысып, өз өнімдерін көпшілікке ұсынды.

Атап айтсақ, жәрмеңкеде 5 сиыр еті, 3 жылқы еті саудаланды. Ұсақ малдың етіне де сұраныс жоғары болды. Жәрмеңке сөресіне шығарылған сексен литр сүт те, 40 литр айран да, 30 банка тұздалған көкөніс те әп-сәтте өтіп кетті. Тары-талқан алуға кезек күткендер көп болды. Себебі, бұл жолы жәрмеңкеге 40 келі тары-талқан саудаға шығарылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылған жәрмеңке кезінде мал азығы  да саудаланды. Бұл күні хромтаулықтар үшін 2 тонна жем сатылды.

 

Л.ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.  

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button