Ресми

Байқауға қатысыңыз!

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» қауымдастығымен бірлесе отырып «Стартап-Болашақ 3-кезең: Менің арманым» атты реалити-шоу форматында өтетін байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Байқау мақсаты — өмір сапасын арттыруға бағытталған, қоғамдық маңызы бар, алдыңғы қатарлы білім алудың арқасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне технологияларды енгізуге негізделген жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдау.

Байқау міндеттері:

– жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттау;

– жас кәсіпкерлердің кәсіби және жеке дамуына жәрдемдесу;

– тәжірибелі тренерлер/тәлімгерлермен жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдау;

– Startup-жобаларын гранттық қаржыландыру;

– бизнесті қолдау құралдарының қолжетімділігін арттыру.

Қатысушылар: 16-35 жас аралығындағы кәсіпкерлер.

Жоба серіктестері: «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Enactus Kazakhstan» қоры, Тель-Авив университетіндегі достар қауымдастығы, Кәсіпкерлік білім қауымдастығы.

Байқаудың өткізілу мерзімі: қаңтар-желтоқсан 2018 жыл.

Байқау кезеңдері:

  1. Іріктеу кезеңі;

1.1 Байқаудың жариялануы, өтініштер жинау;

1.2 16 стартап уикендін өткізу, конкурс қатысушыларын іріктеу, 500-ден аса жоба таңдалып алынады;

1.3 Базалық ЖОО негізінде Инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту орталықтарында акселерация өткізу, тəлімгерлер/менторлармен жұмыс істеу;

  1. Ширек финал. Республикалық стартап уикенд (Астана қ.). 100 шақты жоба таңдалып алынады;
  2. Жартылай финал. Жазғы кубок. 50 шақты жоба таңдалынып алынады;
  3. Байқаудың ақтық мəресі/Финал. Республикалық DemoDay;
  4. Қорытынды кезең. 16 аймақтық DemoDay.

Ақтөбе облысындағы аймақтық іріктеу кезеңі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 2018 жылдың наурыз айының 9-11 күндері өтеді

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН:

  1. байқау ережесімен танысып шығыңыз (құжатты тіркеу);
  2. ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыздағы сілтеме бойынша тіркеуден өтіңіз;

Назар аударыңыз!!! Тіркелу іріктеу кезеңіне дейін 3 күн бұрын жабылады!!!

  1. стартап-жобаңыздың презентациясын іріктеу кезеңіне дайындап қойыңыз;
  2. стартап-жобаңызбен таныстырып, қорғап шығыңыз.

Байқауға қатысу тегін

Байқаудың ресми сайттары:

www.meninarmanym.kz

www.bolashak.kz

www.arsu.kz

Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз:

@startup.academy_aktobe (Инстаграм);

СтартапАкадемиясы. Жұбанов Университеті (Facebook).

Қосымша ақпарат:

e-mail: startup.arsu@gmail.com

тел.: 8-747-440-48-20.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button