Спорт

Күзет қызметі және спорт

Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өткізілді. Полиция қызметкерлері өздерінің спорттық шеберлігін және дене шынықтыру бойынша дайындығы жоғары деңгейде екендігін көрсетіп, 1-полиция батальонының құрама  командасы бірінші орынға ие болды. Екінші орынға осы батальонның Ойыл аудандық бөлімшесінің командасы қол жеткізді.

Бас жүлдеге ие болған полиция кіші сержанты Мәлік Нұрмұханбет ішкі істер органы қатарында  қызмет атқарғанына көп уақыт болмағанына қарамастан, өзін тек жақсы жағынан таныта білді. Ол әрбір өткізілетін спорттық іс-шараларға белсене қатысады, бірнеше спорттық жетістіктері бар. Оның қызметтік міндеттерін аса жауапкершілікпен орындап, алдағы уақытта да  үздік полицейлердің қатарынан көрінетіндігіне сенім мол.

Жанболат ЛЕСОВ,

полиция капитаны.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button