Әлеумет

Өскелең ұрпаққа өнегелі жол

Жолдау

Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында білім беру саласына кеңінен маңыз берілген. Оның ішінде Мемлекет басшысы математика, жаратылыстану пәндерін оқытудың маңыздылығына айрықша тоқталды. Өскелең ұрпақты бала күнінен  бәсекеге қабілетті,  қазіргі заманға лайық ғылыми біліммен сусындатып, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті  мамандарды даярлауды көздейтін жобалар қолға алынбақ.

Ол бағдарламалар оқушылар үйінің базаларында балалар технопарктерін құру, ғылыми лабораториялармен жасақтау арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағыт, меніңше, өңірлерде де кеңінен жүзеге асып, тиісті деңгейде қаржы бөлініп, көп ұзатпай қолға алынады деп ойлаймын.

Сондай-ақ Жолдауда мұғалім мәртебесін жоғарылатуға  аса назар аударылып отыр. Білім берудің жаңа инновациялық тәсілдерін меңгеріп, оны тәжірбиеге енгізген мұғалімдерге 30 пайыздан 50 пайызға шейін үстеме жалақы төленеді.

Білім ордаларының ғылыми-техникалық базасын нығайтуға, оқушылардың  инновациялық технологиялармен жұмыс жасауына  да  кең мүмкіндіктер ашылып отыр.

Биылғы Жолдауда белгіленген барлық бағыттар келешек буынның жарқын болашағына негіз қалайтын мемлекеттің  ұлы мұраттары екені анық. Жолдаудан туындайтын міндеттерді жас ұстаздардың да қолдап, орындауға дайын екеніне сенім білдіремін.

Асылбек КЛЮТОВ,

Терісаққан ауылдық округінің әкімі.

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button