Спорт

Ақтөбеліктер қысқы олимпиадашыларды қолдайды

Кеше ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында басталған ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында «Ақтөбеліктер қысқы олимпиадашыларды қолдайды» атты акция өтті.

Аталған шара облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалының және облыстық жастар  ресурстық  орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

— Бүгін 4 жылда бір келетін қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылуы өтеді. Айтулы додада Олимпиада делегациясының алдында жоғары көрсеткіш көрсету мақсаты тұр. Сол себепті, дүбірлі додада сынға түсер саңлақтарды рухани қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл шара бірлігімізді бекемдеп, спортқа деген жастардың қызығушылығын арттырады және спортшыларымыздың рухын көтеріп, жеңіске жетуіне демеу береді деген сенімдемін, — деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары Пхенчхан-2018 қатысушыларына жылы лебіздерін білдіріп, арнайы тілектерін  жолдады. Одан әрі жиналғандар  арасында көңілді эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, Ақтөбенің жас мәнерлеп сырғанаушылары мен хоккейшілерінің қойылымдары көрсетілді.

Бұл күні жоғарыда аталған саябақтағы мұз айдынында балаларға конькиде сырғанауға мүмкіндік жасалды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button