Мәдениет

«Аққұс» және талантты оқушылар

Фестиваль

Жыл сайын дәстүрлі ұйымдастырылатын «Аққұс» балалар шығармашылығы фестивалінің биылғы тақырыбы ел ордасы Астанаға арналды. Оқушылардың  шығармашылығына қолдау көрсетіп, оларды әңгіме, өлең жазуға бейімдеу негізінде ұйымдастырылған фестиваль өткен аптаның бейсенбісінде қалалық Оқушылар сарайында қорытындыланды.

«Аққұс» — талантты оқушыларды анықтап, олардың  шығармашылық қабілетін шыңдайтын фестиваль. Биыл бұл шараға қаламыздағы 24 мектептің оқушылары қатысты. Фестиваль аясында қатысушылар «Арман қала — Астана», «Елордамыз Астана» тақырыптарында арнау өлең шығарып, «Отаным кең далам…»  тақырыбында өлең мәнерлеп оқыды және «Сәлем, Астана!» тақырыбында хаттар жазып, мектепішілік газет-журналдар шығарды

Фестивальға әр мектептің оқушылары үлкен даярлықпен келген. Олардың ізденісі газет-журнал шығару жұмысы аясында айқын көрінді. Журнал бөлімі бойынша №24  лингвистикалық мектеп-гимназиясының «Жас қалам» шығармашылық тобы  шығарған «Өркен» журналы мазмұны мен безендірілуі жағынан өте жақсы көркемделгені ерекше көзге түсті. Оқушылардың жетістіктері мен ізденістерін саралаған қазылар алқасы «Өркен» журналын бірінші орынға лайық деп шешті. Ал №36 қазақ орта мектебі оқушылары әзірлеген «От-шырақ» журналында алуан түрлі тақырыптар қамтылған. Журналдың көркемдік безендірілуі мен мазмұны да ерекшелігімен көзге түсті. «От-шырақ» журналы екінші орынды иеленді.

Газет шығару сайысында №36 қазақ орта мектебінің оқушылары шығарған «Алтын ұя» газеті бірінші орынға қол жеткізді. Көркем безендірілген газетте көптеген тақырыптар қамтылған.

Жүлде иелеріне облыстық «Ақтөбе» газеті бас редакторының орынбасары Е.Ашықбаев пен аймақтық қоғамдық-ақпараттық «Керек infо» газетінің редакторы А.Сағындықова Алғыс хаттар тапсырды.

Айгүл ЖҰБАНЫШ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button