Әлеумет

Бағыт-бағдарымызды айқындады

Жолдау

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында ұсынып отырған мүмкіндіктердің кім және не үшін қажеттілігін айқындап берді. Білім — бәсекелестікке апарудың бірден бір жолы болғандықтан, Президент білім берудің жаңа сапасына мән береді.

Әсіресе, оқытудың мазмұндылығы  заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету  арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс екендігі айтылған. Қазіргі кезде  білім саласына өте қажетті цифрлық білім беру ресурстарын  дамыту, кең жолақты  интернетке қосу және мектептерімізді бейнеқұрылғылармен жабдықтау жұмысын  жалғастыру керек екендігі аталып көрсетілген. Сондай-ақ, Елбасының Жолдауындағы  орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушылардың бейне сабақтары мен бейнелекцияларын интернетке орналастыру туралы айтылған сөздерін барлық ұстаздар қауымы құптайды деп сенемін. Өйткені  бұл еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұғалімдер үшін қолжетімді әрі пайдалы болары сөзсіз. Ұстаздардың бір- бірімен тәжірибе алмасып, жаңалықтарды дер кезінде біле алуларына зор мүмкіндік болатыны анық.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру бойынша өткен облыс активінің отырысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев балаларға, жастарға көңіл бөлу, оларға патриоттық тәрбие беру мәселесіне айрықша тоқтала отырып, биылғы жылды Ақтөбеде «Балалар жылы» деп жарияланғанын,  «Бақытты балалық шақ» деген атпен осы жылдың алғашқы қорытындысы 1 маусымда шығарылатыны туралы айтып өтті. Бұл, әрине балаларға жасалған үлкен қолдау.

Осындай жасалған қамқорлық аясында облыстың дарынды  балаларына  әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру мақсатында жүргізілетін жұмыс түрлерінің мазмұны жаңартылуда. Жыл сайын  өткізілетін шаралар саны артып қана қоймай, оған қатысушылардың сапалық деңгейі де  артуда.

Елбасының Жолдауы алдағы бағыт-бағдарымызды айқындап берді. Ендеше, ұрпақ  тәрбиесінде жаңартылған мазмұнда жұмыс жасау үшін ұстаздар қауымы аянбай  атсалысады деп ойлаймын.

 Айгүл БИСЕКОВА,

 «Ақтөбе-Дарын» өңірлік  ғылыми-тәжірибелік  қосымша білім беру  орталығының бөлім меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button