Құқық

Үш рет есірткі заты тәркіленді

Көліктегі ішкі істер департаментіне қарасты жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальонының батыс аймағы бойынша үшінші ротасының қызметкерлері биылғы қаңтар айында үш рет есірткі затын тәркіледі.

№377 «Алматы-Маңғыстау» жолаушылар пойызынан 13 қаңтарда Ж. деген азаматтан, сондай-ақ 18 қаңтарда Р. деген азаматтан, №35 «Алматы-Атырау» жолаушылар пойызынан 28 қаңтарда А. деген азаматтан есірткі заты ұсталды. Бұл деректер сотқа дейінгі тергеудің реестріне тіркеліп, қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

Өткен жылы аталған рота қызметкерлері есірткі айналымына қатысты 25-тен астам құқықбұзушылыққа тосқауыл қойған болатын.

  Ахмадин ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

көліктегі ішкі істер департаменті батальон қызметкері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button