Құқық

Cот отырысы жалғасып жатыр

Ақтөбеде «ағайынды төртеу» қылмыстық тобына қатысты сот отырысы жалғасуда.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан сот процесі күнде ашық түрде жүріп жатыр. БАҚ өкілдеріне арнайы онлайн режимде бөлме қарастырылған.

Өткен бейсенбі, жұма күндері осы іске қатысты негізгі айыпталушылардың бірі Нұрлан Ноғаевтан жауап алынды. Белгілі болғандай, ол бизнесте үлесі бар, «ТазаДалаКом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі иелерінің бірі болған.

Облыстық соттың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, бүгінгі күнге дейін 10 жәбірленуші және 72 куәгерден жауап алынған.

Ақтөбеде мұнай ұрлығы үшін айыпталған «Ағайынды төртеу» қылмыстық тобына қатысты сот отырысы өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Қылмыстық сотқа 26 адам тартылған, оларды 30 адвокат қорғап жатыр. Сотталушыларға мұнай ұрлығынан  бөлек ҚР Қылмыстық істер Кодексінің бірнеше баптары бойынша кінә тағылуда. Атышулы қылмыстық істі судья Ахметқали Молдағалиев қарап жатыр.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button